Уақытында үлгеріңіз: 26 тамыз – төлемдерді төлеудің соңғы күні
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 26 тамызда келесі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады:
2024 жылғы шілде айы үшін:
- Шілдеде төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС және ЖТС;
- Шілде айында төленген табыстардан ЖТС;
- Арнайы мобильді қосымшаны пайдаланып арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;
- Әлеуметтік салық;
- Бірыңғай төлем;
- Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
- Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);
- Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ);
- Әлеуметтік аударымдар;
- МӘМС аударымдары;
- МӘМС жарналары.
2024 жылғы тамыз айы үшін:
- КТС бойынша аванстық төлемдер;
- Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем.
2024 жылғы екінші тоқсан үшін:
- Бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілер үшін КТС және ЖТС;
- Қосылған құн салығы (ҚҚС);
- Экспортқа рента салығы;
- Ойын бизнесі салығы;
- Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;
- Жер салығы, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер төлейтін ағымдағы төлем;
- Мүлік салығы, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер төлейтін ағымдағы төлем;
- Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем, егер мөлшері 10000 АЕК-тен аспаса;
- Роялти, өндіру бонусы, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі, жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі;
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;
- Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
- Қоршаған ортаға теріс әсері еткені үшін төлем;
- Цифрлық майнинг үшін төлем.
2024 жылғы бірінші жартыжылдық үшін:
- Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерінде КТС (ЖТС);
- Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшеріндегі әлеуметтік салық.
Өсімпұлдар есептелмеу үшін заңнамада белгіленген мерзімде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлеу қажет.
Есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.
[xfvalue_img]