Құрық порты акваториясының түбін тереңдету жұмыстары басталды

Құрық порты акваториясының түбін тереңдету жұмыстары басталды

Мамандар порт түбін бір жарым-екі метрге тереңдетеді.

Жұмыстарға ірі еуропалық Jan De Nul компаниясының арнайы техникасы жұмылдырылды. Компаниямен ЕРС келісімшартқа қол қойылды. Компания жобалаудан бастап тереңдету жұмыстарының аяғына дейін толығымен жауапты. Порт түбін тереңдету жұмыстары терминалдың өткізу қабілетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. 

Құрық портының өткізу қабілеті 6 млн тоннаны құрайды (теміржол терминалы – 4 млн, автотерминал – 2 млн). Сондай-ақ, портта 250 жүк көлігін сақтау мүмкіндігі қарастырылған.

Дәл осындай жұмыстар Ақтау портында да жүргізіледі. 

Порт түбін тереңдету Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту аясында қабылданған кешенді шараның бірі.

ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 7 айда 62% - ға ұлғайып, 2,5 млн. тоннаны құрады (2023 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1,6 млн.тоннаға тең болды).

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.