Орал-Каспий каналын Транскаспий халықаралық көлік бағытының құрамына енгізу жоспарланып отыр

Орал-Каспий каналын Транскаспий халықаралық көлік бағытының құрамына енгізу жоспарланып отыр

Бұл KPI және ТШО сияқты компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді

Үкімет отырысында Көлік министрі өзен көлігін дамыту жөнінде баяндама жасап, саланың ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ оны дамыту үшін қабылданатын және жоспарланып отырған шаралар туралы айтып берді.

Министрдің ақпаратына сәйкес, Қазақстандағы кеме қатынайтын су жолдарының жалпы ұзындығы 2,1 мың шақырымнан асады. Кеме қатынасы Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндерінде жүзеге асырылады. Өзен көлігінің инфрақұрылымына Атырау, Павлодар және Өскемендегі 779 кеме мен 3 өзен порты кіреді.

2023 жылы өзен көлігі 1,6 млн тонна жүк тасымалдады, оның 90%-дан астамы Ертіс бассейніне тиесілі. Ведомствоның болжамы бойынша, алдағы 3 жылда тасымалдау көлемін 4,6 млн тоннаға дейін ұлғайтуға болады.

Ресей Федерациясы мен ҚХР арасындағы байланысты дамыту үшін Семей қаласы аумағында жаңа кеме шлюзін, Тұғыл ауылы ауданындағы портты және Тұғыл - Майқапшағай учаскесінде Қытай шекарасына дейінгі теміржолды салу көзделген.

Қосымша 1 млн тонна Орал-Каспий каналы арқылы тасымалдарды қалпына келтіруді және оны Транскаспий халықаралық көлік бағыты құрамына енгізуді қамтамасыз ете алады. Бұл жобаны іске асыру KPI және ТШО сияқты компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Алайда өзен көлігін дамытудың басты міндеті кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Қазақстан су жолдары» жыл сайын кеме қозғалысында түбін тереңдету және түбін тазарту әрі навигациялық жағдай белгілерін қою бойынша жұмыстар жүргізеді. 2023 жылы 2,5 млн текше метр көлемінде түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 5 мыңға жуық белгі қойылды. Сонымен бірге 6 мың тонна көлемінде түбін тазарту жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы Орал-Каспий каналында түбін тереңдету жұмыстарын бастау жоспарланған»,- деді Көлік министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, қауіпсіздік бойынша қабылданып жатқан шараларды күшейту үшін Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі кеме қатынасы шлюздері қақпаларының тозған металл конструкцияларын ауыстыру, кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жол жұмыстарының барлық процесін автоматтандыру және өзен арналарын тазартумен айналысатын техникалық флотты жаңарту қажет.

Оның ішінде Жайық-Каспий каналының кеме қатынасы параметрлерін қолдау үшін теңіз класындағы жер снарядын сатып алу жоспарланып отыр. 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.