Жалпыға бірдей декларациялау
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 250.00 нысандағы декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.
Алматы облысының атынан 185 372 бизнес өкілі тапсыру қажет.
Барлығы 361 795 азамат 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларация тапсыруға міндетті.
2024 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша 250.00 және 270.00 декларация нысандарын 210 084 жеке тұлға немесе 58% тапсырды. Нысан үшін таңдауды қоса алғанда:
250.00 нысанын 69 341 жеке тұлға немесе 185 372 заңды тұлғаның басшылары мен құрылтайшыларының 37,4%-ы.
270.00 нысанын 140 743 тұлға немесе 176 423 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80 пайызы тапсырды.
Іле ауданы бойынша 250,00 нысанды 7 643 жеке тұлға немесе 33 204 заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары мен құрылтайшыларының 23% тапсырған, 270.00 нысанын 22 378 тұлға немесе 28 930 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 77,4% тапсырды.
Талғар ауданы бойынша 250,00 нысанды 7 355 жеке тұлға немесе 31 608 заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары мен құрылтайшыларының 23,3 % тапсырған, 270.00 нысанын 19 590 тұлға немесе 25 347 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 77,3 % тапсырды.
Қарасай ауданы бойынша 250,00 нысаны бойынша 14 485 жеке тұлға немесе 44 916 заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің басшылары мен құрылтайшыларының 32,2 % тапсырған, 270.00 нысанын 23 776 тұлға немесе 31 675 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 75,1 % тапсырды.
Мемлекеттік кірістер Департаментінде түсіндірме шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
01.07.2024 жылға 8 872 түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде МКД және аудандардың сайтында (Instagram, Facebook) ақпараттық посттар орналастырылды, радио және теледидарда сұхбаттар («Шалқар», «Егемен Қазақстан», «Бизнес Қазақстан», «Жетісу»), базарлар мен сауда үйлерінде жеке кәсіпкерлермен және басшылармен, заңды тұлғалардың құрылтайшыларымен жергілікті жерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді («Алатау», «Қарғалы», «Абай-Жапар», «Рауан», «Білә», «Алатау», «Жер-Ана», «Алтын Орда», «Тәуіп», «Ескендір» (Иманды) базарлары), «Шелек», «Вира», «Табыс», «Бақтияр», «Тұрар», «Жетісу», «Айша сити», «Алға», «Мол Апорт»), Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер (Әділет департаменті, Прокуратура, Төтенше жағдайлар Департаменті, Әскери бөлімдер) мен білім, медицина салаларының, Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Декларацияда не көрсетіледі?
Активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияда көрсетіледі: (250.00-нысан)
шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
шетелдік банктегі ақша 3,5 млн теңгеден жоғары (1 000 АЕК);
шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
бағалы қағаздар, сандық активтер (биткоиндер және т. б.);
үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
инвестициялық алтын (құйма алтын);
зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
34,5 миллион теңге (10 000 АЕК) шегінде қолма-қол ақша;
басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары.
құны 3,5 миллион теңгеден асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.).
Бағалауды декларацияны тапсыру мерзіміне дейін, яғни 15 қыркүйектен кешіктірмей жасау қажет.
[xfvalue_img]