СҚО полицейлері есірткі қылмысына қарсы күрестегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
СҚО полицейлері есірткі қылмысына қарсы күрестегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті

СҚО полицейлері есірткі қылмысына қарсы күрестегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті

Есірткі қылмысына қарсы күрестің жаңа әдістерін еліміздің әр өңірінен келген жедел уәкілдер Алматыдағы М.Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Академиясының базасында өткен біліктілікті арттыру курстарында талқылады.

Солтүстік Қазақстан облысынан бұл оқуға аталмыш академияның түлегі, полиция капитаны Зарина Попова қатысты. Ол 5 жыл бұрын диплом алып, бүгінде тәжірибелі жедел уәкіл ретінде қызмет атқарып жүр. Зарина Попова курсанттар алдында баяндамамен сөз сөйлеуге ұсыныс алған үздік үш офицердің қатарына кірді.

Зарина болашақ әріптестері үшін тергеу әрекеттері туралы бейнематериал әзірлеп, жедел-іздестіру қызметінің қыр-сыры жөніндегі тәжірибесімен бөлісті. Әсіресе, есірткі қылмысының алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

«Закладчиктерге» қатысты ашық сот процестері, студенттер үшін түзету мекемелеріне экскурсиялар, әлеуметтік роликтер, подкасттар, креативті байқаулар — жастар аудиториясымен жұмыс істеудің жаңа әрі тиімді әдістері СҚО ПД тәжірибесінде тұрақты қолданылып келеді.

ҚР ІІМ 2024 жылды «Профилактика жылы» деп жариялауына орай бұл тәжірибе ерекше маңызға ие.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауларында есірткіге тәуелділік пен есірткі қылмысына қарсы күрестің маңыздылығын атап өтеді. Бұл құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретінін ескерсек, полицияның заманауи әрі нәтижелі әдістерін енгізу — күрестегі маңызды тірек.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.