eGov Mobile мобильді қосымшасында автокөлік иесіне шұғыл хабарлама жіберу мүмкіндігі іске қосылды » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
eGov Mobile мобильді қосымшасында автокөлік иесіне шұғыл хабарлама жіберу мүмкіндігі іске қосылды

eGov Mobile мобильді қосымшасында автокөлік иесіне шұғыл хабарлама жіберу мүмкіндігі іске қосылды

 eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметі іске қосылды. Енді кез келген пайдаланушы көлік құралының ақаулары немесе қиындықтары туралы көлік иесіне жедел ескерту жібере алады. Бұл мәселені тез арада шешуге және келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Қызмет көлік жол жүруге кедергі келтіргенде, жол-көлік оқиғасына ұшырағанда, шамдары қосулы қалып қойғанда, дабыл жүйесі іске қосылғанда немесе дөңгелегі жарылғанда өте пайдалы. Жедел хабарлама автокөлік иесінің уақытында қажетті шараларды қабылдауына мүмкіндік береді.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, «Танымал қызметтер» бөлімін ашу керек;
  • «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметін таңдау қажет;
  • көлік иесіне қандай ақпаратты жеткізу қажет екенін көрсетіп, «Жалғастыру» батырмасын басу керек;
  • автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізіп, «Хабарлама жіберу» батырмасын басу қажет.

Пайдаланушы қызметті 2 сағат ішінде тек 5 рет пайдалана алатынын атап өту маңызды. Мәтіндік хабарламаларды жіберу кезінде өтініш беруші көліктің иесі туралы ешқандай ақпарат алмайды, eGov Mobile қолданбасы пайдаланушыларға анонимді хабарламалар жібереді.

Сұрау жіберілгеннен кейін жүйе Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесіне сұраныс жолдап, автокөлік иесін анықтап, оған хабарлама жібереді. Егер пайдаланушыда push-хабарламалар қосулы болса, ол смартфонына бірден ескерту алады. Хабарландырулар өшірілген жағдайда, ақпарат eGov Mobile қосымшасының «Хабарламалар» – «Таратылымдар және ескертулер» бөлімінде қолжетімді болады.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.