Елордалық полиция бірінші тоқсанның қорытындысын шығарды: қылмыс деңгейі төмендеді » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Елордалық  полиция бірінші тоқсанның қорытындысын шығарды: қылмыс деңгейі төмендеді

Елордалық полиция бірінші тоқсанның қорытындысын шығарды: қылмыс деңгейі төмендеді

Астана қалалық Полиция департаментінде 2025 жылдың бірінші тоқсанының жұмысы қорытындыланды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-лейтенанты Игорь Лепеханың төрағалығымен өткен жедел кеңесте Департамент басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Жиын барысында елордада жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ Профилактика жылы аясындағы негізгі қорытындылар ұсынылды. Жыл басынан бастап қалада қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі айтарлықтай төмендеді. Қабылданған шаралардың арқасында ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны едәуір қысқарды.

Басым бағыттардың бірі - «полиция қадамдық қол жетімділікте» қағидатын іске асыру болып қала береді. Өткен жылы елордада 5 жаңа учаскелік полиция пункті мен 3 модульдік бекет ашылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету және полицияның халыққа қолжетімділігін арттыру мақсатында тағы 2 учаскелік пункт іске қосылды.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алуға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға, соның ішінде оқушылар арасындағы бопсалау мен буллингті жоюға бағытталды.

Сондай-ақ, кеңес барысында интернет-алаяқтықпен және есірткі қылмыстарымен күрес шаралары талқыланды. Жолдардағы жағдай, көші-қон заңнамасының сақталуы және осы бағыттарда профилактикалық жұмысты күшейту қажеттілігіне де ерекше  назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты жандандыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтау, сондай-ақ полиция қатарында қызметтік тәртіп пен заңдылықты бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.