Астанада «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету және елордада заңсыз жүрген тұлғаларды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 14 қарашасы мен 17 ақпаны аралығында Астана қаласында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Елорда гарнизонының қызметкерлерімен жүргізілген жедел шараны бақылаудың бір күндік қорытындысы бойынша шетел азаматтарының елде болу Ережелерін бұзудың 77 фактісі анықталды.
Сонымен қатар, шақырылған шетелдіктердің белгіленген болу ережелерін бұзғаны, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру ережелерін бұзғаны үшін 13 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
7 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды, оның ішінде 2 Нигерия азаматы мәжбүрлі түрде. Қабылдау-тарту орнына 54 адам орналастырылды.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]