СҚО-да полицейлер дәрігерлерді түнгі трассадағы іс-шараға қатысуға шақырды
(Видео: https://youtu.be/OuuThD3g6GY)
Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында тек 5 ай ішінде 146 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның салдарынан 16 адам қаза тауып, 206 адам түрлі дене жарақаттарын жарақат алды.
Аппаттылық қауіпті факторлардың бірі - жүргізушілердің шаршауы. Солтүстік Қазақстан облсында полицейлер «Астана-Петропавл» тас жолындағы жүргізушілердің физикалық жағдайын тексеру үшін медицина қызметкерлерін кезекті түнгі рейдке қатысуға шақырды. Облыста 10 маусымнан бері өткізіліп келе жатқан «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушыларды тасымалдаушыларға, сондай-ақ, үлкен жүк көліктерінің жүргізушілеріне ерекше назар аударылады.
Адамдар полиция қызметкерлері мен дәрігерлердің акцияларын оң бағалады. "Шаршаған күйде көлік басқару қауіпті, демалу керек, - дейді Астанаға жүк тасымалдайтын 30 жастағы жүргізуші. - Оның үстіне бізде тұрақтар, демалыс орындары жеткілікті. Полиция қызметкерлерінің қамқорлығы үшін алғысымды білдіргім келеді, көптен бері қысымымды тексерген жоқ едім, енді өз тұрақты жұмыс қысымымды білетін боламын".
Сондай-ақ, «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының 3 күні ішінде полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 126 түрлі заң бұзушылықты анықтады. Өрескел құқық бұзушылықтардың ішінде - рульде телефон арқылы сөйлесу және маневр жасау ережелерін бұзу (тиісінше 23 және 17 факт). Заңсыз қайта жабдықтаудың 4 және техникалық тексеруден өтпеген автобустардың бағытқа шығуының 6 фактісі анықталды. Нәтижесінде автобус парктерінің 4 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/sqo-da-politsejler-darigerlerdi-tungi-trassadaghy-is-sharagha-qatysugha-shaqyrdy/
[xfvalue_img]