СҚО-да полицейлер мен медицина қызметкерлері жүргізушілердің шаршаңқылығын тексерді
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жүргізушінің көлік тізгінінде ұйықтап кетуі түнгі жолдағы апаттардың орын алуына жиі себеп болады. Жүргізушілердің назарын осы мәселеге аудару үшін Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жедел жәрдем қызметінің мамандарымен бірлесіп 24-28 мамыр аралығында өткізілген «Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық» акциясы шеңберінде ерекше рейд жүргізді. Түнгі уақытта жүргізушілердің шаршаңқылығы тексерілді. Қан қысымының, пульстің, сатурацияның бұзылуы шаршағандықтың белгілері болып табылады. Осындай бегілер Қостанайдан Астанаға көкөніс тасымалдап бара жатқан 36 жастағы «Mercedes» жүк көлігінің жүргізушісінен анықталды. Оның айтуынша, таңғы 6-да жолға шыққаннан тек бір жарым сағат қана үзіліс жасаған. Петропавл қаласы арқылы бірінші рет өтіп бара жатқандықтан, тәртіп сақшылары жол көрсетіп, оны жақын маңдағы фуралар тоқтап тұратын тұраққа жеткізді.
«Тек осы бір түнгі рейдтік іс-шарада 30 астам жүргізуші тексерілді, - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Рейд кезінде тек ауыр жүк көліктерінің ғана емес, жолаушы тасымалдаушы және жеңіл көліктердің жүргізушілері тексерілді. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлері дәрі қобдишаларын тексерді. Жол қозғалысының барлық қатысушыларына еңбек пен демалыс режимін сақтауды еске саламыз. Қатты шаршаған күйде көлік басқаруға мүлдем болмайды. Жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтаңыздар».
Жыл басынан СҚО-да 64 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 5 адам көз жұмған, 108 адам жарақаттар алған. Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және апаттылықты азайтуға бағытталған іс-шаралар ұдайы жүргізіліп тұрады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
23 пікір