Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 398 үйдің құрылысы басталды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалау және техникалық байқаудан өткізу бойынша кеңес өткізді.
Сондай-ақ құрылысшыларды қажетті көлемде құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және жаңа құрылыс алаңдарына бөлінбеген нысандарды орналастыру мәселелері де талқыланды.
Қазіргі мәліметтер бойынша Батыс Қазақстанда қазірдің өзінде 398 үйдің құрылысы басталып, 726 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 57 үй сатып алынған.
Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі таңда 2761 нысанда техникалық байқау аяқталып, нәтижесінде 401-ін қайта салу, 1063-ін сатып алу туралы шешім қабылданып, қалған нысандар жөндеуге жатады деп танылды.
Анықтама үшін. Жалпы, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 4041 үй зардап шексе, оның 1491-і тұрғын үйлер және 2550-і саяжайлар, жалғыз баспана болған.
Министр сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы бөлуге көмектесуге ниет білдірген бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Министр олардың азаматтық ұстанымдары мен бүгінде қаржылай қолдауға зәру отандастарымызға деген қамқорлығы үшін алғысын білдірді.
[xfvalue_img]