ШҚО-да монополияға қарсы ден қою шаралары
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "Outdoor.kz" ЖШС және "Раммал" ЖК қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері бойынша тергеуді аяқтады.
Жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша Департамент бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактісін, атап айтқанда сауда-саттықтағы бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттық, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын бұрмалауға бағытталған картельдік сөз байласу фактісін анықтады.
Тергеу нәтижелері бойынша бағаны манипуляциялауды қоса алғанда, бәсекелестікке қарсы әрекеттер анықталды. 2024 жылғы 26 қаңтарда ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 226-бабына сәйкес екі ұйымға да анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
ЖШС "Outdoor.kz" Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта берілген барлық нұсқамалар толық көлемде орындалды.
[xfvalue_img]