Жылыту маусымының қорытындысы және алдағы маусымға дайындық: көмірмен қамтамасыз ету және жылу желілерін жөндеу

Жылыту маусымының қорытындысы және алдағы маусымға дайындық: көмірмен қамтамасыз ету және жылу желілерін жөндеу

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев а. ж. 10 мамырында «Жылыту маусымының қорытындылары және алдағы жылу беру маусымына дайындық туралы» тақырыбында өткен Үкімет отырысында баяндама жасады.

         2023 жылдың қорытындысы бойынша 112,7 млн тонна көмір өндірілді, оның 9 млн тоннасы халыққа және коммуналдық қажеттіліктерге, 65,9 млн тоннасы энергия және жылу өндіруші кәсіпорындарға, 5,9 млн тоннасы өнеркәсіп кәсіпорындарына жөнелтілді. Өңірлерге отын сұраныс жоспары бойынша толық жеткізілді.

Министр жылу беру маусымының сәтті өтуіне және оның аяқталуына келесі қадамдар ықпал еткенін атап өтті: көмірмен қамтамасыз ету бойынша республикалық штабқа қатысушылар қабылдаған жедел шаралар, көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу туралы бұйрықтың мерзімін ұзарту және әлеуметтік көмірдің кетуін тоқтатуға мүмкіндік берген экспортқа айрықша құқық беретін Үкімет қаулысын қабылдау.

         Министрлік өнімсіз делдалдарды жою және тұтынушылардың түпкілікті құнын тұрақтандыру үшін өңірлік негізде көмірді біркелкі бөлу және өңірлік көмір операторлары арасында тікелей қолжетімділік бойынша жұмысты жалғастыруда.

«Алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында Министрлік жергілікті атқарушы органдар, көмір өндіруші кәсіпорындар және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, бюджеттік ұйымдарды және халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын әзірледі», – деді Қанат Шарлапаев.

         Одан бөлек, Министр жылу желілерінің жай-күйіне тоқталды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, желілердің жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырымды құрайды. Орташа тозу – 53%, шамамен 6,9 мың км ауыстыруды қажет етеді.

Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 43%-ға дейін төмендету қажет. Өз кезегінде, 2023 жылы қаржыландырудың барлық көздерін пайдалана отырып, 336 шақырым жылу желілері жаңартылды.

         Ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздерін пайдалана отырып, 221 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарлануда. Бұл мақсаттарға шамамен 128 млрд теңге қарастырылған.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.