ҚР ИИДМ: Барлық өңірде көмірдің жеткілікті қоры бар, разрездер отынды өткен жылғы бағамен сатуда

ҚР ИИДМ: Барлық өңірде көмірдің жеткілікті қоры бар, разрездер отынды өткен жылғы бағамен сатуда

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтып берді.

ИИДМ басшысы алдағы жылу беру маусымына сапалы және уақытылы дайындалу үшін министрлік алдын ала жұмыс жоспарын бекіткенін, сонымен бірге жоспарға сәйкес әкімдіктер 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің 100% дайындығын қамтамасыз етуі, ал 15 қазанға дейін коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік сала объектілерін, тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстарын аяқтауы қажет болатынын атап өтті.

Нәтижесінде, 1 қыркүйекке дейін білім беру нысандарының 99%-ы жылыту маусымына дайын. Нұр-Сұлтан қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 25 нысан әзірге қысқа дайын емес.

Сонымен қатар денсаулық сақтау нысандарының 98 пайызы, тұрғын үйлердің 88%-ы, автономды қазандықтардың 97%-ы, жылу желілерінің 94%-ы, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 86%-ының дайындық деңгейі ойдағыдай.

Қ.Өскенбаевтың айтуынша, бірқатар өңірдің, әсіресе жаңадан құрылған облыстардың әкімдіктері инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді жылыту маусымына уақытылы дайындау бойынша шараларды күшейтулері қажет.

Министр сондай-ақ отын дайындау бойынша жұмыс нәтижелері туралы хабарлады. Атап айтқанда, автономды қазандықтар үшін 1 млн тонна көмір және 14 мың тонна мазут немесе қажеттіліктің 81 және 88% дайындалған. Алматы, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында отынды баяу сатып алу үрдісі байқалады. Сондықтан аталған өңірлердің жергілікті атқарушы органдары шұғыл шаралар қабылдауы қажет.

«ИИДМ тұрғындар мен коммуналдық-тұрмыстық сектордың көмірмен қамтамасыз етілуін үнемі өз бақылауында ұстап отырады. Жедел деректер бойынша, қаңтар-шілде айларында 66,4 млн тонна көмір өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішіне 106 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халық игілігіне шамамен 4,5 млн тонна, энергия өндіруші кәсіпорындарға 35 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 4,2 млн тонна тиелді. Ал, экспортқа 19 млн тонна жөнелтілді. Жалпы, барлық өңірде көмірдің жеткілікті қоры жинақталған, темір жолдар көмірді толық көлемде тасымалдауды қамтамасыз етуде», – деді министр.

Халық арасында көмір сатып алу қарқынының төмен деңгейде болуы өзекті мәселе болып отыр. Разрездер мен қоймаларда көмір жеткілікті мөлшерде болуына, сондай-ақ мемлекеттік органның өткен жылғы отын құнын сақтап қалу шараларын қолданғанына қарамастан, қазіргі таңда халық тұтынатын көлемнің тек 31 пайызы ғана сатып алынды.

Қ.Өскенбаев атап өткендей, жылыту маусымының ойдағыдай өтуі үшін министрлік қосымша шаралар қабылдауда. Атап айтқанда:

– көмірді тасымалдау үшін «Қазақтеміртранс» АҚ вагондар паркін ұлғайту;

– биржа арқылы көмірді сату үлесін 50%-ға дейін арттыру, бұл өнімді делдалдарсыз сатып алуға мүмкіндік береді;

– көрші мемлекеттерге әлеуметтік көмір шығаруды шектеу.

«Әкімдіктер нысандарды белгіленген мерзімде дайындау бойынша барлық жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ өнім тапшылығын болдырмау мақсатында көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасауы, монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерін тарту арқылы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір бағасының заңсыз ұлғаюын болдырмау бойынша шаралар қабылдауы қажет», – деп атап өтті ҚР ИИДМ басшысы.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.