Ахуалдық орталық: тұрғын үйді қалпына келтіру үшін цифрлық технологияларды қолдану
А. ж. 4 мамырда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен су тасқынының салдарын жою тақырыбына арналған Жедел штабтың отырысы өтті.
Тұрғын үй қорын қалпына келтіруге жүйелі мониторинг жүргізу мақсатында Министрлік тарапынан Ахуалдық орталық құрылды. Оның жұмысына цифрлық технологияларды енгізудің арқасында қателердің ең аз тәуекелімен үлкен көлемдегі деректерді өңдеу мүмкін болды. Бұл келтірілген зардап көлемін бағалау және қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру процесін айтарлықтай жылдамдатады.
Жиын барысында зардап шеккен аймақтардағы ағымдағы жағдай жан-жақты қаралды. eGov және «Әлеуметтік көмек» ААЖ арқылы азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу үдерісіне ерекше назар аударылды. Бұл жүйелер өтініштерді жылдам тіркеуге және зардап шеккендерге көмек көрсету процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді. ААЖ-ны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлегенін айта кеткен жөн.
Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне аталған жүйелерге мәліметтерді толық және нақты толтыруды, техникалық байқау және келтірілген зардап көлемін бағалау бойынша барлық құжаттарды цифрлық форматқа көшіруді қамтамасыз ету туралы хабарланды.
Одан бөлек, құрылыс жобаларына мониторинг жүргізу, «Жобалық кеңсе» жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жөндеу және сатып алу мәселелері талқыланды. Әкімдіктер құрылыс, жөндеу және сатып алу жұмыстарының барысы туралы жобалық жоспарлардың жай-күйін күн сайын жаңартып отыруы керек, осылайша қалпына келтіру жұмыстарын бақылау мен ашықтықты қамтамасыз етеді.
Цифрлық құралдарға негізделген Ахуалдық орталық құру дағдарысты басқарудың тиімділігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар болашақ сын-қатерлер үшін тұрақты инфрақұрылымды құруға ықпал етеді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]