ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі табиғи апаттан зардап шеккен азаматтар үшін баспана салудың алдын ала жобаларын әзірледі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі табиғи апаттан зардап шеккен азаматтар үшін баспана салудың алдын ала жобаларын әзірледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева мәлімдеді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан табиғи апаттан зардап шеккен азаматтар үшін тұрғын үйді қалпына келтіру туралы тапсырма алды.

  Министрлікте жедел штаб құрылып, жаңа тұрғын үй салуды көздейтін кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді.

Жоспар аясында тұрғын үйлердің екі эскиздік жобасы әзірленді: 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі жеке тұрғын үй және жалпы ауданы 160 ш. м. болатын 2 пәтерлі тұрғын үй.

Әзірленген тұрғын үйлердің алдын ала жобалары мемлекеттік сараптамадан өтеді, бұл барлық өңірлерде типтік жобалық құжаттама негізінде жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс келесі аптаның соңына дейін аяқталып, үлгілік жобалар мемлекеттік сараптама қорытындысымен epsd.kz сайтында көпшілікке ұсынылатын болады.

 Министр Қанат Шарлапаев кеше сондай-ақ аймақтық және республикалық ірі құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, олардың ресурстарын шұғыл жұмылдыру және құрылысты жедел бастап кету қажеттілігі айтты.

М.Ыбыраева атап өткенлей, қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау үшін су тасқынынан зардап шеккен үйлерді әкімдіктердің техникалық тексеруі маңызды кезең болып табылады. Сонымен қатар, әкімдіктер келтірілген залал мен шығындар көлемін қазіргі уақытта тасқын су әлі толық тартылмаған жағдайда есептеп жатыр.

«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі барлық байланыс арналары арқылы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы халықты үнемі хабардар етіп отырады. Мен де министрліктің ресми өкілі ретінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында тұрақты түрде ақпараттандыратын боламын. Министр Қанат Шарлапаев әрбір өңірдегі құрылыс барысын жеке өзі қадағалайтын болады» - деді ҚР ӨҚМ ресми өкілі. 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінң

баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.