ШҚО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төртінші мектебі» өткізілді
23 тамызда ШҚО-да "Kazakhstan Bar Association" заң консультанттары палатасы және ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төртінші мектебін" өткізді. Семинарға облыстың квазимемлекеттік секторының комплаенс-қызметтерінің өкілдері қатысты.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев кіріспе сөз сөйледі. Талғат Башев өз сөзінде квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы комплаенс қызметінің маңызды рөлін атап өтті, ол заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, осындай ұйымдардың қызметінде ашықтық пен әдептілікті қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген.
Семинар барысында комплаенс қызметтерінің қызметкерлері "Kazakhstan Bar Association" заң консультанттары палатасының сарапшыларынан шарттар жасасу кезіндегі комплаенс рөліне қатысты, Қазақстанда ақпараттандырушылардың (сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдардың) құқықтарын қорғау, компаниядағы комплаенстің рөлі мен орны туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.
Сондай-ақ, сарапшылар өзекті тақырыптар бойынша іскерлік ойындар өткізді.
Іс-шара соңында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің төртінші мектебіне" қатысушыларға бір күндік оқудан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.
[xfvalue_img]