Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі шаруалардың түйіткілді мәселелерін талқылады

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі шаруалардың түйіткілді мәселелерін талқылады

Айдарбек Сапаров жергілікті фермерлерді толғандырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде тікелей несиелендіру, сондай-ақ пияз  өнімдерін сату мәселелері туралы сөз болды.

Кездесу барысында министр ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісін арттыруды қоса алғанда, фермерлерге ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы айтты. Ведомство басшысы Жамбыл облысы шаруаларының егіс науқанына жақсы дайындығын атап өтті. «Көктемгі дала жұмыстары үшін Энергетика министрлігімен бірге шаруаларға литріне 250 теңге бағамен 340,2 мың тонна көлемінде жеңілдікті дизель отынын бөлу бойынша жұмыс жүргізілді», - деп мәлімдеді Айдарбек Сапаров. Ол сондай-ақ «Кең-дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға биыл 140 млрд теңге бағытталғанын атап өтті. Өтінімдерді қабылдау 19 қаңтарда басталды.

Өз кезегінде шаруалар министрден егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге қосымша қаражат бөлу жайында сұрады. Айдарбек Сапаров қазіргі уақытта қаржыландыру көздерін пысықтау жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Сондай-ақ, облыс фермерлері ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-да АШТӨ-ге тікелей несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұған: "Қазіргі уақытта қаржы институттары үшін сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялаудың негізгі тәсілдері әзірленді, олар Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қарауына жіберілді. Бұл мәселе субсидиялау процесіне мүдделі қатысушылардың ұстанымдарын ескере отырып, одан әрі талқыланатын болады" – деп жауап берді министр.

Өңір фермерлері өткен жылы жиналған пияз мәселесі туралы сұрақтар қойды, өйткені артығымен жиналған өнім салдарынан оны сатуда қиындықтар туындап отыр. Министр қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен бірлесіп қалыптасқан жағдайды шешу үшін, оның ішінде тұрақты қорларға пияз сатып алу және тауарды сыртқы нарықтарға сату бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

Облыс шаруаларымен кездесуден кейін Айдарбек Сапаров «ӘКК-Жалғызтөбе» ӘКК, «Бурненская молочная компания» ЖШС, «Аса-Даму» ЖШС, «Біржанов Марат» ЖК секілді бірқатар кәсіпорындарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Министр мұндай кәсіпорындардың халықты сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Сапар соңында министр "Алель Агро" АҚ-на барды. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 54 мың тонна құрама жем шығаруға арналған. Зауыт тек Жамбыл облысының шаруалары үшін ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлеріне де өнім сатады.

Өңірдегі іс-сапарын қорытындылаған министр Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасының маңыздылығын атап өтті. Айдарбек Сапаров аймақтар Ауыл шаруашылығы министрлігінен егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша нұсқаулар алғанын еске салды. Сала үшін монокультурадан алшақтау, ауыспалы егісті сақтау және ылғалды көп қажет ететін дақылдар өндірісін қысқарту қазіргі уақыт талабы. Сонымен қатар басым маржиналдық дақылдар өндірісін ұлғайту қажет.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.