Ауыл шаруашылығы министрлігі тарифтер мен технологияларды субсидиялау арқылы суды үнемдеу мүмкіндігін арттырмақ

Ауыл шаруашылығы министрлігі тарифтер мен технологияларды субсидиялау арқылы суды үнемдеу мүмкіндігін арттырмақ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен бірге Алматы облысының шаруа қожалықтарының өкілдері, аудан әкімдері және отандық суару жүйелерін өндірушілермен кездесті. Ондағы мақсат су үнемдеу технологияларына жаппай көшу және оған қажетті шараларды қабылдау.

Бүгінде Қазақстанда 2,3 млн га суармалы жер бар. Алайда 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1,5 млн га нақты суармалы жердің 75% борозда  әдісімен, 6% күріш алқаптарын суға бастыру, 21% қазіргі заманғы тамшылатып суару немесе жаңбырлату арқылы суарылады.

Айта кету керек, технология суды үнемдеп қана қоймай, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырады. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан фермерлерге инвестициялық субсидиялау және су беру қызметтерінің құнын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

«Фермерлерді заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру үшін Су беру қызметтерінің құнын субсидиялау ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді субсидиялар мөлшері суару тәсіліне байланысты болады, яғни, су үнемдеу технологияларын қолданбай суару кезінде су беру тәсіліне қарамастан тарифтің 50-75%, ал су үнемдеу технологияларын қолданумен 60-85% субсидияланады. Бірақ 2026 жылға қарай суды үнемдемейтіндер үшін өтемақы тарифке байланысты 30-55% дейін төмендейді», - деді Айдарбек Сапаров.

2020 жылдан бастап су үнемдеу технологиялары енгізілген алаң 91 мың гектарға ұлғайды. Бұған фермердің суару жүйелерін сатып алуға, су алу және беру үшін инфрақұрылым жүргізуге жұмсаған шығындарының 50% өтелуі себеп болды.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев жылына 150 мың га жерді су үнемдеу технологияларымен қамту жөнінде нақты міндет қойды. Қазіргі уақытта Министрлік су үнемдеу технологияларын сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау нормативін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту мәселесін пысықтауда, оның 30% жергілікті бюджеттен субсидияланатын болады.

Сонымен қатар, жабдықтардың құнын арзандату үшін Қазақстанда өндірістер ашу жоспарланып отыр.

Жиында Айдарбек Сапаров көктемгі егіс жұмыстарына дайындықтың маңыздылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Министрлік шаруаларды 340 мың тонна көлемінде жеңілдікті дизель отынымен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді. Көктемгі науқанды қаржыландыруға «Кең-дала» бағдарламасы мен форвардтық сатып алу бағдарламасы ықпал ететін болады. Ағымдағы жылы «Кең-дала» бағдарламасы бойынша 140 млрд теңге қарастырылған, бұл 2 млн га егіс алқабын қаржыландыруды қамтуға мүмкіндік береді. Өтінімдерді қабылдау 19 қаңтардан басталды, алғашқы 15 млрд теңге ҚХА шотынан түсті. Форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 40 млрд теңге бөлінді» – деді ауыл шаруашылығы министрі. Сондай-ақ, ол 2023 жылы несиелерді ұзартуды жүзеге асырған АШТӨ-ге айыппұл санкциялары қолданылмайтынын атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

11 пікір

  1. аватар
    Liwovosa 4 февраля 2024 15:30

    Nice post. I was checking constantly this blog and I am impressed! Extremely helpful information specially the last part I care for such info a lot. I was seeking this particular information for a very long time. Thank you and good luck. dowload nekopoi

  2. аватар
    SEO 12 февраля 2024 18:19

    This article is an appealing wealth of informative data that is interesting and well-written. I commend your hard work on this and thank you for this information. You’ve got what it takes to get attention. download nekopoi terbaru

    I have been checking out a few of your stories and i can state pretty good stuff. I will definitely bookmark your blog download nekopoi terbaru

  3. аватар
    vexanshop 26 марта 2024 01:58

    I appreciate the valuable insights you provide in your articles. I’ll be sure to bookmark your blog and return regularly for updates. I’m confident I’ll discover plenty of new information here! Best of luck with your future posts!

    vexanshop

  4. аватар
    convicgmbh 25 апреля 2024 00:59

    Ich finde Ihre Artikel unglaublich aufschlussreich und wertvoll. Ich werde sicherstellen, Ihr Blog zu bookmarken und regelmäßig für Updates zu besuchen. Ich freue mich darauf, hier mehr wertvolle Informationen zu entdecken, und wünsche Ihnen alles Gute für Ihre zukünftigen Beiträge!
    Asbestsanierung

  5. аватар
    Liwovosa 27 октября 2024 13:15

    Interesting topic for a blog. I have been searching the Internet for fun and came upon your website. Fabulous post. Thanks a ton for sharing your knowledge! It is great to see that some people still put in an effort into managing their websites. I'll be sure to check back again real soon. 1 Dollar Berapa Rupiah Hari Ini

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.