Шаруалардың 50 млрд теңге қарызының қайтару мерізімі ұзартылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Онда құрғақшылықтан және артық ылғалдан зардап шеккен шаруаларға көрсетілген қолдау шаралары талқыланды.
2023 жылы астық егетін өңірлердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қолайсыз ауа райы жағдайларынан зардап шекті, Бұл бірінші кезекте олардың қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігіне әсер етті.
Сапаров «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы институттары агроөнеркәсіп кешендерін қаржыландыруда айтарлықтай үлеске ие. Агросектордың кредиттік портфеліндегі Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы үлесі 77%-дан асады, АӨК субъектілерінің шамамен 28%-ы қаржыландырумен қамтылған.
Осыған байланысты, қос қаржы институтын қолдау құралдары сала үшін аса маңызды. Мемлекет басшысының шаруаларды қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жалпы сомасы 50 млрд теңгеге несиені ұзартуға өтінімдер мақұлданды. Жалпы алғанда, 2023 жылы Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржыны қаржыландыру көлемі 554,7 млрд теңгені құрады.
Айдарбек Сапаров Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржыға егін егу жұмыстарына жеңілдікпен несие беру кезінде қолдау мен ерекше назар аударуды қажет ететін шағын кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыру мәселесіне баса назар аудару қажеттігін айтты. Сонымен, министр қарыздарды ұзарту бойынша да бірқатар тапсырмалар жүктеді. Кепілдік талаптарын жеңілдету бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуді, қаржыландыруды алу кезінде автоматтандыру жөніндегі жұмысты күшейтуді, кәсіпкерлердің өтінімдерін қарау мерзімдерін қысқартуды тапсырды.
[xfvalue_img]