Айдарбек Сапаров павлодарлық фермерлерге мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді

Айдарбек Сапаров павлодарлық фермерлерге мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде бірнеше кәсіпорында болып, өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

Министр сапарының негізгі мақсаты жергілікті шаруалармен кездесу еді. Биылғы жылы егін жинау кезеңінде аймақтың аграрлық саласы қолайсыз ауа-райынан зардап шекті. Айдарбек Сапаров фермерлерді толғандырған сұрақтарға толық жауап беріп, АӨК қолдау шаралары туралы хабардар етті.

Ауыл шаруашылығы министрі егін жинау науқанының қиын жағдайларына қарамастан, тапсырманы сәтті орындаған павлодарлық фермерлердің жетістіктерін де атап өтті.

Өңірдегі ауылшаруашылық саласындағы тауар өндірушілері несие мерзімін ұзартудағы жағдайды және «Азық-түлік корпорациясының» жұмысы да жайды жа сұрады.

Айдарбек Сапаров шаруалар үшін әділ сатып алу бағасы белгіленгенін еске салды. Сөзінше, 3-сыныпты бидайға 120 мың теңге және 4-сыныпқа 105 мың теңге. Сонымен қатар, фермерлер форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша міндеттемелерді орындау бойынша 1 жылға кейінге қалдырылды. 11 желтоқсанда Үкімет «Азық-түлік корпорациясы» арқылы отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен астықты тікелей сатып алуға 31,3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Өтініштер қазірдің өзінде қабылдануда.

Шаруалармен кездесу картоп, дәнді дақылдар өсірумен, көкөніс сақтаумен, асыл тұқымды мал өсірумен және сүт өндірумен айналысатын «Агро – ТрейдПВ» ЖШС-де өтті. Кәсіпорын жылына 4 миллион литр сүт өндіреді. Көкөніс қоймасының сыйымдылығы 10 мың тоннаға жетеді. Ауыл шаруашылығы министрі серіктестік жұмысына оң бағасын беріп, оның облыстың және жалпы республиканың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан үлесін айрықша атап өтті.

Бұдан соң министр «Jailau» фермерлер базарында болды. Мұнда ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін делдалсыз, жеңілдетілген бағамен өткізеді.

«МолКом-Павлодар» зауыты сүт өнімдерінің 80 түрін шығарады. Министр кәсіпорынның шикізатпен қамтамасыз етілетінін жеткізді. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде облыста жалпы сомасы 10 млрд теңгені құрайтын сегіз тауарлы-сүт фермасы салынады.

Айдарбек Сапаров мемлекет тарапынан Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын баса айтты. Биыл облыс 33 млрд теңге субсидия алды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.