Көлік министрлігінің өкілдері карьерлік ауыр жүк көліктеріне қоғамдық жолдарда жүруге қашан тыйым салынатыны туралы хабарлады

Көлік министрлігінің өкілдері карьерлік ауыр жүк көліктеріне қоғамдық жолдарда жүруге қашан тыйым салынатыны туралы хабарлады

Көлік министрлігінің басшысы Астана қаласының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады. Министрге елордадағы қоғамдық көлік желісін дамыту, автобустарда жол ақысын төлеу жүйелері, жүк тасымалы және көлік инспекцияларының қызметіне қатысты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ көлік компанияларының өкілдері көлік құралдарының рұқсат етілген салмағының артуын бақылауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатпен келіспейтіндіктерін айтып жеткізді.

Сөз кезегінде Марат Қарабаев министрлік өз тарапынан көліктік бақылау инспекторларының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және үстеме бақылау тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар қосымша шараны енгізіп жатқанын хабарлады.

«Егер жүк көлігінің иелері заңнама талаптарын сақтаса, дұрыс болар еді. Алайда, талаптар жиі бұзылып тұрады. Нәтижесінде бұл бюджетке орасан зор зиян келтіреді. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында жолдың құрылысына кірістірілген ауыр жүк көліктері жаңа жолдарды қалай бұзғанын көріп отырмыз», – деді көлік саласына жауапты министр.

Қордаланған мәселені шешу үшін министрлік 2024 жылы қалалардың кіріс және шығыс бөліктеріне бейнекамералар орнатуды бастайды. Олар автоматты түрде артық салмақ үшін айыппұл салады. Сонымен бірге 220 камераны «Сергек» бейнебақылау жүйесімен біріктіру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ ҚР Көлік министрлігі бөлінбейтін ірі көлемді жүктерді тасымалдауға ресми арнайы рұқсаттар беру және самосвалдардың жолдармен қозғалысын шектеу тетіктері пысықталуда.

«Әлемнің кез келген жерінде карьерлік ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдармен жүруіне тыйым салынады. Қазақстан, бәлкім, мұндайға жол берген жалғыз ел. Біз аталған шектеулерді 2023 жылдан бастап іске қосқымыз келді. Дей тұрғанмен, нарық қатысушылары аз да болса уақыт беруді сұраған болатын. Сондықтан ауыр карьерлік жүк көліктеріне 2025 жылдың аяғы мен 2026 жылдың басында қазақстандық жолдармен жүруіне тыйым салынады», – деп атап өтті Марат Қарабаев.

Сонымен қатар егер министрліктің ұсынысы Үкімет пен Парламентте қолдау тапса, тасымалдаушылар төлеуге тиісті арнайы рұқсаты болған кезде белгілі бір шегіне дейін артық жүктерді тасымалдауға мүмкіндік беретін норма енгізіледі. Аталған шешім жергілікті жерлер орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды көздейді.

Дәстүр бойынша тұрғындармен кездесуден кейін Көлік министрлігінің басшысы елорда азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Күн тәртібінде Солтүстік Қазақстан облысындағы «Көктерек-Тоспа-Жасқайрат-Қайрат» автожолын орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жүзеге асырылуы, Алматы-Екатеринбург трассасын жарықтандыру, автобус аялдамаларын орнату, заңсыз тасымалдаушылардың қызметі және кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Барлық келіп түскен өтінішке Марат Қарабаев толыққанды жауап берді. Кейбір мәселелер министрдің жеке бақылауына алынып, Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.