Көлік министрі Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті
Алматы қаласында Көлік министрі Марат Қарабаев жүк тасымалдаушылармен, логистика саласының мамандарымен, қалалық көліктік жоспарлау сарапшыларымен, жол-көлік факультеттерінің профессорлары, оқытушылары және студенттерімен кездесіп, әңгімелесті. Кездесу Almaty Management University ғимаратында өтті.
Екі сағатқа созылған әңгіме барысында кездесуге қатысушылар көлік саласында орын алған проблемаларды көтерді. Кездесуге келген тұрғындар тек шағымданып қана қоймай, нақты ұсыныстарын да ортаға салды.
Марат Қарабаев көптеген мәселе бойынша нақты жауаптар қайтарып, ең көп сұрақ туындаған тұстары бойынша түсініктеме берді.
Сондай-ақ ол мемлекеттік көлік саясатының басымдықтарын егжей-тегжейлі айтып, жаңа және перспективалы көлік-логистикалық жобалар туралы баяндап берді. Әңгіме барысында тіпті бұрын-соңды бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмаған тың дүниелер де айтылды.
Көлік министрлігінің басшысы орын алған кейбір мәселелерді бірлесіп пысықтау және нақты шешім іздеу үшін жеке байланыс деректері мен Комитет басшыларының нөмірлерімен бөлісті. Кездесудің толық видео нұсқасы https://www.youtube.com/live/lZcoVzHgbaw?si=LN5Vm4lcCBPD8gfa сілтемесі бойынша қолжетімді
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]