Токиода экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Жапония үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті
Қазақстан-Жапония үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Динара Щеглованың және Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі С.Хосактың төрағалығымен өтті.
Үкіметаралық комиссия барысында елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ жасыл трансформация, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика және минералдық ресурстар салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Вице-министр Д.Щеглова шарада сөйлеген сөзінде Жапония Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық және стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
«Сирек металдарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысымызды ерекше атап өткім келеді. Жапондық компанияларды қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағытталған жобаларға қосылуға шақырамыз», - деді Динара Щеглова.
Сондай-ақ, үкіметаралық комиссия отырысы аясында сирек кездесетін металдар мәселелері бойынша тақырыптық сессия өтті, онда ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев сөз сөйледі.
Оның айтуынша, Қазақстан жаңа жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастық үшін ашық. «Біздің еліміз айтарлықтай шикізат базасына ие бола отырып, “технологияға айырбастау үшін шикізат» қағидаты бойынша осы бағыттағы ынтымақтастыққа ашық», - деп атап өтті А.Панбаев.
Қазақстандық делегация құрамына орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, даму институттарының және отандық бизнестің 100-ге жуық өкілі кірді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің
Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
20 пікір