«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Тұрғын үйлердегі энергия тиімділігі саласындағы мүмкіндіктерді кеңейтуде
Халықаралық ынтымақтастық аясында «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басшылығы Felicity II бағдарламасы бойынша GIZ (Германия) компаниясының өкілдерімен кездесті.
Felicity II бағдарламасының мақсаты - ТКШ инфрақұрылымын жаңғыртуға және қалаларда тиісті жобаларды іске асыруға ауқымды инвестициялар тарту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Кездесу барысында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды ұсынды, атап айтқанда:
1) энергия үнемдейтін материалдардың қолданылуын зерделеу бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
2) энергия үнемдейтін материалдар өндірісі бойынша жаңа технологиялар трансферті;
3) көппәтерлі тұрғын үйді толық терможаңғырта отырып және жаңа технологияларды, материалдарды қолдана отырып күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі пилоттық жобаларды жүргізу, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің әртүрлі типтері үшін күрделі жөндеу жүргізудің жаңа стандарттарын әзірлеу.
Өз кезегінде GIZ компаниясы қазақстандық тараптың ұсыныстарын қолдап, GIZ алаңында энергия тиімділігі саласында тәжірибе алмасу жөніндегі кездесуді ұйымдастырды ұсынды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]