Астанада IV халықаралық энергия үнемдеу форумы өтуде
Энергия үнемдеу күніне арналған Форум дәстүрлі түрде 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Форум аясында өнеркәсіп пен ғимараттарда энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері талқыланады.
Атаған іс-шараның негізгі мақсаты – сарапшылар арасында сындарлы пікір алмасу, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы өзара тиімді әріптестік байланыстарды нығайту болып табылады.
Төртінші форум жұмысына Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, Неміс энергетикалық агенттігінің басқарушы директоры Дена Кристина Хаверкамп, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Сухроб Ходжиматов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елдос Абаканов, Ғани Ташқараев және Дүйсенбай Тұрғанов, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов, сондай-ақ сала сарапшылары қатысуда.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев өз сөзінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері орнықты дамудың әлемдік күн тәртібінде басым болып табылатынын атап өтті.
«Қазақстан энергияны көп қажет ететін экономикасы бар елдердің бірі екені белгілі. Энергия үнемдеу саясатын белсенді ұстанудың нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 2008 жылғы деңгейден 38%-ға төмендетуге қол жеткізілді. Саясаттың заңнамалық негіздерін бекітіп, мемлекеттік энергетикалық тізілім түрінде пәрменді құралдар жасай отырып, өнеркәсіп секторының энергия сыйымдылығы 2 есеге төмендеді», – деп атап өтті Марат Қарабаев.
Бұл оң нәтижелерге энергия аудиттерін жүргізу және энергия үнемдеудің бес жылдық жоспарларын іске асыру есебінен қол жеткізілді. Мәселен, 2012 жылдан бастап 1800 энергия аудиті өткізілді, оның қорытындысы бойынша 323 млрд теңге сомасына энергия тиімділігі жөніндегі іс-шаралар іске асырылды, бұл жылына 82 млрд теңгені үнемдеуге көмектесті.
«Халықаралық ұйымдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерін дамытуға және ілгерілетуге белсенді қатысуын атап өткім келеді. Бүгінгі таңда БҰҰ Даму бағдарламасымен (энергия тиімді жарықтандыруды ілгерілету) және Дүниежүзілік банкпен (Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру) 25 млн АҚШ доллары сомасына 2 жоба іске асырылды. 17,7 млн АҚШ доллары сомасына БҰҰ Даму бағдарламасының 3 жобасы жүзеге асыру сатысында», – деді вице-министр.
Бұл бағыттағы жұмыс белсенді жалғасатын болады. Биыл Еуропалық Одақ пен Германия үкіметінің қолдауымен энергия сыйымдылығы кем емес секторларға – ғимараттар мен көлік секторларына бағдарланған жобалар іске қосылады.
Форум шеңберінде 12 адам «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Олардың қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, «Energy Partner» ЖШС жобаларының бас инженері Евгений Кравцов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ТПГС (АСФ) кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Серікболат Есенғабулов, «CSI Research & Lab» ЖШС жобалық менеджері Виталий Пузий, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» энергия тиімділігі және экологиялық бағалау бөлімінің бастығы Дамеш Бекталиева, «Энергоэксперт и К» ЖШС атқарушы директоры, ҚР энергоаудиторлар, энергоменеджерлер, энергоэксперттер палатасының басқарма төрағасы Марат Есекин, атқарушы директоры «Қазақстандық Энергоаудиторлар Қауымдастығы» ЗТБ тәуелсіз сарапшы Әлия Исхакова, Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева, «Қазхром «Трансұлттық компаниясы» АҚ бас энергетигі Валерий Писарогло, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ орталықтарының директоры Д.Майдан, О.Қабденов және А.Сафиуллина.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір