СҚО-да кәсіпкерлерді өнімдерді жоғары бағамен сатып алуға мәжбүрлеген
Солтүстік Қазақстан облысында жеке кәсіпкер «Солтүстік» ӘКК» АҚ тарапынан әкімшілік кедергі жасалу фактісі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгінді.
Кәсіпкер ауылдық елді мекенде өткізу үшін тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 5 атауын сатып алуды жоспарлағанын айтты. Алайда, оны Акционерлік қоғам көтерме саудагердің бағасынан 30 теңгеге қымбат тұратын, әлеуметтік қантты қосымша сатып алуға міндеттеген.
Осылайша, «Солтүстік» ӘКК-де шағын бизнес субъектілері арқылы жоғары бағамен сатып алынған өнімдер іске асырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін барлық мүдделі тараптармен кездесу нәтижесінде, кәсіпкерлердің қажетті өнімдерге қол жеткізуіне шектеу фактілерін алып тастау тұрғысында мәселе оң шешімін тапты.
[xfvalue_img]