5 күннің ішінде СКО полицейлері бір килограмға жуық есірткі тәркіледі
21-ші және 25-ші ақпан аралығында полицейлер 9 медициналық мекемені, 36 дәріхананы және 6 кәсіпорынды тексерді. Бұл уақытта облыс аумағында "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілді. Мақсаты- заңды айналымдағы құрамында есірткі бар заттардың заңсыз қолданысқа өтуін болдырмау. Есірткі заттарын және прекурсорларды сақтау және олардың айналымы саласында 12 құқық бұзушылық анықталды. Жауапты тұлғаларға қатысты әкімшілік материалдар жинастырылып, шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілді.
Бұнымен қоса, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл желісі бойынша жұмыс жалғастырылды. "Жедел-профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде 8 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның 2-уі сату фактісі және 2-уі аса ірі көлемде есірткі сақтау фактісі,- деп хабарлады СКО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев.- Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан 1 кг жуық түрлі есірткі заттары тәркіленді".
СКО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
8 пікір