Жамбылдық полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады
Меркі ауданының полиция бөліміне 31 жастағы әйел Жамбыл облысындағы жоғары оқу орындарының бірінің қызметкеріне қатысты шағымданған.
Жәбірленушінің айтуынша, оқу төлемақысын кассаға төлеу мүмкіндігі болмағандықтан, ол ЖОО қызметкерінің бірінің банк қосымшасы арқылы 2022 жылдың наурызынан қарашасына дейінгі аралықта 250 мың теңге көлемінде ақша аударған. Алайда, жоғары оқу орнының қызметкері есебіндегі ақшаны жеке мақсатқа пайдаланып отырған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады, ол облыс орталығында тұратын 39 жастағы әйел болып шықты.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу жалғасуда.
[xfvalue_img]
2 пікір