Жамбыл облысында тас жолда қару-жарақ табылды
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында жол жиегінен қару-жарақ тапты.
Полицейлер 16 калибрлі "ИЖ" маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 6,62 калибрлі "Байкал" маркалы газ тапаншасын, 6 патрон тәркіледі.
- Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалып, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге қатысты бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, - деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
[xfvalue_img]