Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлерімен қараусыз қалған ғимараттан «ТТ» пистолеті табылды
2023 жылдың 25 сәуірінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тараз қаласындағы теміржол депосының жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың аумағынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.
Полицейлер 16 калибрлі "ИЖ-18" маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығын, патронсыз "ТТ" маркалы тапанша және әртүрлі калибрлі 189 бірлік патрон тауып, тәркіледі.
- Осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ қазіргі уақытта осыған байланысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, - деп атап өтті Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
[xfvalue_img]
32 пікір