«Қостанайлық кәсіпкерлікке жергілікті медициналық ұйымдар көмек көрсетуден бас тартқан»
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлік Кәсіпкерлер палатасындағы диалог алаңында жергілікті бизнес субъектілерінің өтініштерін қарады.
Қабылдау барысында жергілікті кәсіпкер медициналық сақтандыру қорының филиалына шағым түсірді. Оның айтуынша, қызметкерлер үшін қорға бірыңғай жиынтық төлемдерді уақытылы төленген, алайда медициналық мекемеге көмекке жүгінген кезде электрондық жүйеде «сақтандырылған» мәртебенің болмауына байланысты жұмыскерлерге жәрдем көрсетуден бас тартқан.
Департамент, Кәсіпкерлер палатасы мен Медициналық сақтандыру қорының филиалымен бірігіп аталған мәселені пысықтағаннан соң электрондық жүйедегі техникалық қате анықтаған, салдарында мәртебелер уақтылы алынбаған.
Нәтижесінде кәсіпкердің мәселесі шешіліп - техникалық қате жойылып, жұмыскерлердің «сақтандырылған» мәртебесі бекітілді.
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаметі
[xfvalue_img]