"ҚОСТАНАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ЖАЛҒА БЕРУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУДАН БАС ТАРТҚАН"
Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бірқатар кәсіпкерлер жер учаскелерін жалдау мерзімін ұзарту мәселесі бойынша жүгінді.
Кәсіпкерлер 20 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттен жерді бизнес үшін жалға алып, учаскелерде сауда павильондарын ұйымдастырған.
Алайда, 2022 жылдың басында жергілікті билік учаскелердің шекараларын бұзуға байланысты жалдау мерзімін ұзартудан бас тартты.
Кәсіпкерлердің айтуынша, шекараның бұзылуы сауда павильондарының қасбеттерін құрылыс материалдарымен қаптаумен байланысты. Сонымен қатар, кәсіпкерлер бұл тыйымды негізсіз деп санайды, өйткені учаскелерде шекараны бұзу фактісін заңды түрде растайтын өлшеулер мен тиісті сараптамалар жүргізілмеген.
Аталған мәселені жергілікті Антикор уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен арнайы кеңестің күн тәртібіне шығарды, оның шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті бизнес субъектілеріне жер учаскелерін жалға беру мерзімдерін ұзарту мүмкіндігін қарау туралы жергілікті билікке ұсынымдар енгізді.
Қорытындысы бойынша екі кәсіпкер бөлінген жер учаскесінің шекаралары шегінде сауда павильондарының орналасқан жерін сәйкестендіру бойынша өзіне алған міндеттемелерін ескере отырып, жалдау мерзімі 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.
ҚР СЖҚІҚА Қостанай облысы бойынша департаменті
[xfvalue_img]