ҚОСТАНАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН БИЗНЕСКЕ ЖАЛҒА БЕРУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ
"Бизнеске жол" жобасы аясында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жер учаскелерін бизнеске жалға беру мерзімін ұзартпаған кәсіпкерлердің өтініштері келіп түсті.
Кәсіпкерлердің мәселелерін зерттеу барысында анықталғандай, жер учаскелері коммерциялық үй-жай мен кеңсе салу үшін жалға алынған. Пандемия кезінде құрылыс тоқтап, кейіннен қаржылық мәселелерге байланысты құрылыс баяу жүрді.
Осыған қарамастан салынып жатқан нысандар 70% - ға тұрғызылды. Өткен жылдың соңында бизнес субъектілері шарттың талаптарын орындамауына байланысты жерді жалға алу мерзімі ұзартылмайтыны туралы хабарлама алған.
Департамент араласуымен облыстық Кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдармен кездесулер ұйымдастырылып нәтижесінде кәсіпкерлердің өтініштері бойынша жер учаскілердің жалға алу мерзімдері ұзартылды.
Жұмыстар жалғасуда.
ҚРСЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]