Өскемен қаласының Полиция басқармасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту бойынша кешенді іс-шаралар өткізілуде
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Өскемен қаласы Полиция басқармасының басшылығы жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауда.
Ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу жандандырылды, оған офицерлер мен полиция жиналыстарының қызметін жетілдіру кіреді.
2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көзделген жоспарды іске асыру мақсатында Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Марат Баяндинов күн сайын Өскемен қ. ПБ жеке құрамымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оның барысында полиция қызметкерлеріне бекітілген жоспардың мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін санкцияларды қатаңдату және жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жеткізіледі, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік аппарат арасында профилактика бойынша жаңа құралдар, атап айтқанда "Адалдыққа тексеру" (Integrity Сһеск), "Ақшаның ішімен жүру" қағидатын іске асыру, активтерді іздеу және қайтару, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу. Осы жобалардың негізгі мақсаты құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, сондай-ақ полиция қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықты қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері басқарма басшылығының ерекше бақылауында. Қазіргі уақытта алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды, қызметкерлердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауды қолдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау жөнінде нұсқаулар берілді.
[xfvalue_img]
28 пікір