ҚОСТАНАЙДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІН ХАБАРЛАҒАН АЗАМАТТАРҒА БІР ЖАРЫМ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТӨЛЕНДІ
2022 жылы Қостанай облысындағы жемқорлық фактілерін хабарлағаны үшін 4 адамға 1 498 735 теңге төленді.
Азаматтардың белсенділігінің арқасында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, бюджет қаражатын ысырап ету және т. б. фактілері бойынша 4 қылмыстық істі тіркеді.
Осылайша, барлық қылмыстардың жиынтығында лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен мемлекетке келтірілген жалпы залал соммасы 10 миллионнан астам теңгені құрады, соның ішінен 85% материалдық залалы қазіргі таңда өтелген.
Көтермелеу ақпараттың дұрыстығын растаған кезде, сондай-ақ заңды күшіне енген сот үкімі, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, прокурор бекіткен қылмыстық істі тоқтату туралы қылмыстық қудалау органының қаулысы немесе ҚР ҚПК ақталмайтын негіздері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы сот қаулысы болған кезде жүзеге асырылатынын атап өту маңызды.
Сот үкімімен ҚР ҚК 361-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаларға, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімдері тағайындалдған. Сондай-ақ жеке тұлғалар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы бекітілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 914-222 нөмірі бойынша жүгіне алатынын немесе Агенттіктің 1424 сall-орталығына хабарлай алатынын еске салады.
Сондай-ақ, заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер шеңберінде мұндай ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу арқылы осы адамдар туралы құпия ақпаратты қорғау шаралары күшейтіледі деп хабарланады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық көріністеріне бей-жай қарамауға және өздеріне белгілі фактілер туралы хабарлауға шақырады.
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]