СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН ҚАНША АЗАМАТ СЫЙАҚЫ АЛДЫ?
2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері туралы хабарлағаны үшін 5 адам көтермелеу алды. Сыйақы мөлшері 3 094 570 теңгені құрады. Тағы 4 азамат мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ағымдағы жылдың үш айында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін бір адамға 240 190 теңге сомасында көтермеленді.
Департамент өкілдері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен азаматтар үшін біржолғы ақшалай сыйақы заңнамалық түрде белгіленгенін түсіндірді. Көтермелеу ақпараттың дұрыстығы расталған кезде, сондай-ақ заңды күшіне енген сот үкімі, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, прокурор бекіткен қылмыстық істі тоқтату туралы қылмыстық қудалау органының қаулысы немесе ҚР ҚІЖК 35, 36-баптарының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы сот қаулысы болған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгіне алады немесе 1424 сall-орталығына, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы хабарлай алады
[xfvalue_img]