АӨК-ті субсидиялау жүйесінде қандай өзгерістер болды
Қазақстанда АӨК-ті мемлекеттік қолдау тәсілдері қайта қаралды. Құрамына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, салалық одақтар мен қауымдастықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ парламент депутаттары кіретін арнайы жұмыс тобы 9 отырыс өткізді, олардың қорытындысы бойынша қолданыстағы қағидалардың негізгі контурларын сақтай отырып, субсидиялаудың жаңа жүйесі әзірленді.
Қаражат бойынша субсидиялаудың барлық бағыттары өзгеріссіз қалады:
- бағытына байланысты 15% -дан 80% -ға дейінгі нормативтермен инвестициялық субсидиялау;
- қарыз алушы үшін мөлшерлемені жылдық 6% - ға дейін төмендете отырып, кредиттер мен лизингер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
- сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау. Норматив 50% - дан 80% - ға дейін ұлғайтылды, бұл барлық туындайтын тәуекелдерді азайтуға, сақтандырылған егіс алқаптарын кеңейтуге, сондай-ақ мал мен құстарды сақтандыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
- кепілдік мөлшері негізгі борыштан 50% -ға дейін, басым бағыттар бойынша 85% - ға дейін қарыздарға кепілдік беруді сақтандыруды субсидиялау.
Өсімдік шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығындағы бағыттар мен нормативтер сақталды. Қант қызылшасын өсірудің тартымдылығын арттыру үшін оны өндіруді субсидиялау нормативі тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылады.
Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және әкімшілендіруді оңайлату үшін аударым өтінімдерінің күші жойылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын, минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді субсидиялау бағыттары мен нормативтері бойынша әкімдіктердің қаулыларын келісу рәсімі министрлікке субсидиялаудың ұсынылатын көлемін электрондық форматта беру рәсімімен ауыстырылады, сондай-ақ тұқымдардың қозғалысын бақылаудың ақпараттық жүйесі енгізілетін болады.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал басын сатып алу кезінде шошқа шаруашылығын қоспағанда, барлық қолданыстағы субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Шошқаның басы үшін өтеу нормативі құнының 50% құрайды, бірақ бұрын қолданыста болған 140 мың теңгенің орнына бір бас үшін 100 мың теңгеден аспайды.
Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс саласында жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты бұқалар мен қошқарларды жалға беруді субсидиялау ғана жойылады.
Тауар-спецификалық субсидиялар өзгеріссіз қалады. Алайда келесілер күшін жояды:
- күркетауық еті мен суда жүзетін құстар субсидиялау, өйткені олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жатпайды;
- меншікті аналық басы жоқ кооперативтерге дистрибьюторлық орталықтар көрсеткен қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді субсидиялау;
- асыл тұқымды мал импорты кезінде екінші деңгейлі банктегі қаржы институтының арнайы шотына субсидиялар аудару.
Жұмыртқа шаруашылығы бойынша норматив бір жұмыртқа үшін 3 теңге болып қалады. Бұл ретте 1-санаттағы жұмыртқаларды сатудың шекті бағалары әкімдіктермен жасалған меморандумдар негізінде белгіленеді.
Бұқашықтар мен тоқтыларды бордақылауға және ет комбинаттарына тапсыру бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Алайда, малды өздерінің бордақылау алаңдарына көшіретін шаруашылықтар үшін орын ауыстыру нормасы жойылады.
Жемшөпті субсидиялау бойынша субсидияларды алудың нормативтері мен критерийлері ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде әкімдіктердің қаулысымен бекітіледі.
Қайта өңдеу
Терең өңделген өнімдерді өндіру үшін сатып алынған шикізат құнын субсидиялауда глютен және биоэтанол өндіру үшін бидай құнын субсидиялау жойылды, өйткені бұл тауарлардың әлеуметтік маңызы жоқ.
Осы ретте субсидиялар өндірілген тауарлар үшін емес, дайын өнімді өткізу фактісі бойынша төленетін болады, бұл субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі электрондық шот-фактуралармен расталатын болады. Өзгерістер қаржыландыруды бөлудің барынша ашық, әділ және адал тәртібін қамтамасыз етеді.
Инвестициялық субсидиялау
Инвестициялық субсидиялаудың барлық түрлері мен бағыттары жүйеленген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялау облыстық Құрылыс және сәулет басқармаларының қызметкерлерін салынған объектілерді қарау жөніндегі мамандар тобына қосу туралы міндетті талаппен сақталады.
Бұл ретте еріген суларды жинауға арналған жасанды су айдындарын салу үшін вагондардың құнын субсидиялау жойылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары деңгейіне және әкімшілендірудің күрделілігіне байланысты «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес және тәуелді компаниялары мен екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, аванстық түрде инвестициялық субсидиялар алу мүмкіндігі алынып тасталады.
Жайылымдарды суландыру үшін ұңғымалар мен құдықтар қазу кезінде бұрғылау жөніндегі материалдар мен қызметтердің құны ғана субсидияланатын болады. Бұл ретте жабдықтың құнын субсидиялау жойылады, өйткені оның нарықтық құны өндіруші елге байланысты ондаған есе өзгеріп тұрады. Ал қызмет көрсетушілер арзан жабдықты жеткізу арқылы бюджет қаражатын заңсыз игеріп келген.
Отандық машина жасауды дамыту үшін Қазақстанда локализациясы жоқ импорттық техниканың құнын субсидиялау нормативі 25% деңгейінде белгіленді, ал локализациясы барлар 15% - ға дейін төмендетілді.
Арнайы тұқым өсіру техникасын субсидиялау нормативтері 80% - ға дейін, қызылша және суару техникасын субсидиялау нормативтері 50% - ға дейін көтеріледі.
Қарсы міндеттемелер
Субсидия алушылар үшін қарсы міндеттемелер енгізіледі. Өндірілген өнімді өткізу әкімдіктермен нарықтық бағалар бойынша жасалған меморандумдарға сәйкес (3000 АЕК-ке тең немесе одан асатын сомаға субсидия алған АӨК субъектілері үшін) СИМ-нің ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін болады.
Осылайша, субсидиялаудың жаңа қағидаларының негізгі сәттері мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою және цифрландыру есебінен субсидиялар алу рәсімін оңайлату болып табылады
[xfvalue_img]