АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҚ
«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М. Бахыт, «ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы В. Гайламазянмен «Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жою» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
Басқарманың негізгі міндеттері:
- аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру және осы негізде облыс аумағында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың перспективалары мен үрдістерін айқындау;
- нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыруға жәрдемдесу, облыста бірыңғай қаржы-инвестициялық саясатты жүргізу;
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына өнімді өткізу және жабдықтау бойынша нарықтық орта құруға жәрдемдесу.
2019 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер QOLDAU.KZ электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып электрондық түрде ақпараттық жүйе арқылы көрсетіледі.
Басқарма 2020 жылдың желтоқсан айында ШҚО бойынша 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Сондай-ақ, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы 33 567 079 мың теңгені (жоспардың 100%-ын) игерді. 2021 жылға 24 673 303 мың теңге жоспарланған, ағымдағы жылдың 1-ші мамыр күніне дейін 6 741 390,6 мың теңге келесі бағдарламалар бойынша игерілді: «Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау», «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау», «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау)» және тағы басқа бағдарламалар», - дейді Басқарма басшысы.
Қазіргі уақытта Мемлекеттік сатып алулар жылдық жоспардың мерзіміне сәйкес жүргізіліп, олардың қорытындылары жеткізушілермен шарттар бойынша жасалады.
[xfvalue_img]