«ОБЛЫСТЫҚ АНТИКОРДА МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС ШЕҢБЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН АЗАМАТТЫҚ СЕКТОР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТАМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ»

«ОБЛЫСТЫҚ АНТИКОРДА МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС ШЕҢБЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН АЗАМАТТЫҚ СЕКТОР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТАМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ»

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырған арнайы конференцияды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік органдардың азаматтық сектормен өзара іс-қимылының жаңа форматы талқылады.

Конференция жұмысына облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің қоғамдық даму бөлімдерінің өкілдері, мәдениет бөлімдерінің, сондай-ақ үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудағы жұмыстың негізгі тәсілдері мен тетіктерін талқылады.

Кездесу барысында - "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың маңызды тетігі болып табылады, осыған байланысты қойылған іс-шаралардың сапасына бейімділікпен жобаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды бірлесіп әзірлеу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз кезегінде жоспарлау және іске асыру кезеңінде әдістемелік көмек пен қолдау көрсететін болады" – деп атап өтті облыстық Антикордың превенция басқармасының басшысы Айгүл Мырзахметова.

Оның айтуынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыстың болмауы азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы хабардар болуының төмен деңгейіне әкеп соқтырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықты төмендетуге жеке үлес қосуға дайын азаматтардың үлесіне теріс әсер етеді.

Қатысушылармен кездесу барысында ағымдағы жылдың проблемалық мәселеелрі бойынша бірқатар практикалық кейстер, оның ішінде мемлекеттік сатып алу органдарының уақтылы жариялауы, жобаларды тиісінше орындамаған жағдайда орындалған жұмыстар актілеріне қол қою, Тапсырыс берушімен жекелеген іс-шараларды іске асыруды келіспеу және т. б. талқыланды.

Бұдан басқа, 2023 жылы облыстың мемлекеттік органдары іске асыратын №4 үлгілік базалық бағытты іске асыруды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бейімдеу ұсынылды.

 Өз кезегінде жұртшылық өкілдері өңірлер бойынша ақша қаражатын біркелкі бөлу және техникалық ерекшеліктерді орындаудың сапалық индикаторларын өзгерту туралы мәселені көтерді.

"Бір жағынан, үкіметтік емес ұйымдардың идеяларын іске асыруға көбірек мүмкіндіктер беру керек... Биылғы тәжірибе көрсеткендей, биылғы жылы ұсынылған кейбір іс - шаралар азаматтардың қызығушылығын тудырды" - деп атап өтті "Synergy" Ғылыми - білім беру орталығының басшысы Руслана Бровченко - "екінші жағынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы тәсілдерді жүйелеу және өзектендіру қажет. Жүргізіліп жатқан жұмыстың "визиткасы" болуы тиіс бірдей іс-шаралар пулы болуы тиіс".

Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарының тізілімін құру туралы шешім қабылданды, ол келер жылдың басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша нақты тәжірибелік ұсынымдар әзірлеуге өз ықпалын тигізеді. 

ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Darnell 22 августа 2023 00:52

    Good way of telling, and fastidious piece of writing to get facts regarding my presentation focus, which i am going to deliver in university.



    Here is my web blog - Rickey

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.