Қайырбек Өскенбаев: 2023 жылдың маусымына дейін әкімдіктер жылу желілеріне техникалық тексеріс жүргізу қажет

Қайырбек Өскенбаев: 2023 жылдың маусымына дейін әкімдіктер жылу желілеріне техникалық тексеріс жүргізу қажет

Келер жылдың 1 маусымына дейін жергілікті атқарушы органдарға жылу желілеріне техникалық тексеріс жүргізген жөн. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Ведомство басшысы айтқандай, қазір еліміздің қалаларындағы жылу желілерінің тұтастай ұзындығы 12,1 мың шақырым, оның 6,7 мың шақырымын ауыстыру қажет. Яғни, 45 қалада желілердің тозуы 50%-дан төмен, 50-70% аралығындағы тозу деңгейі – 19 қалада тіркелген. Тағы 7 қалада оның көрсеткіші 70%-дан жоғары. Ал Риддер, Шемонаиха және Арқалық қалаларындағы 4 субъектке байланысты ұзындығы 52 шақырым желінің нормативтік пайдалану мерзімі асып кеткен.

Осы ретте еліміздегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін жылу желілерін кезең-кезеңмен жаңғырту жоспарланған. Бірінші кезеңде ұзындығы 1,6 мың шақырым жылу желісін немесе тозуы деңгейі 70%-дан жоғары инфрақұрылымды жаңарту (қажетті инвестицияның мөлшері 538 млрд теңге) көзделіп отыр. Екінші кезеңде тозу деңгейі 50%-дан бастап 70% дейінгі аралықтағы жылу желілері ауыстырылмақ. Сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары шеңберінде тозу деңгейі 50%-дан төмен желілерді ауыстыру ұсынылып отыр.

«Қазір жылу желілерін жаңғырту мен салуға байланысты қаржыландырудың 3 тетігі қарастырылған. Айталық, бюджеттік кредит арқылы, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп субсидиялау және «Моно және шағын қалаларды дамыту» бюджеттік бағдарламасының көмегімен нысаналы трансферттерді аудару арқылы», деді Қ.Өскенбаев.

Бұдан басқа ИИДМ басшысы жылу коммуникациялық-инфрақұрылымның жағдайын жақсарту үшін өңірлік әкімдіктерге жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін ескеріп, әрбір субъектке байланысты шаралар жоспарын бекітіп, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттерге бюджеттік бағдарлама ашуға кеңес берілді. Осы орайда мәліметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, табиғи монополия субъектілеріне қарасты желілерді дамытуды жедел жоспарлау үшін инженерлік инфрақұрылымның деректерін және олардың техникалық ахуалына қатысты мәліметті қала құрылысы кадастры жүйесіне енгізген жөн.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.