«Адал көмек»: маманданрылыған ХҚКО азаматтарды қабылдау өтті
2022 жылғы 12 қазанда Өскемен қаласының автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Адал көмек» жобасы аясында «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалының директоры Азамат Есембулов пен ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаевтың қатысуымен азаматтарды қабылдау және кеңес беру өтті.
Іс-шара барысында өңір тұрғындары жүргізуші куәлігін алуға, көлік құралдарын тіркеуге, нөмірлік белгілерді беруге, сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыруға қатысты сұрақтарымен жүгінді, оларға толық жауаптар алды.
Айта кетерлік жайт, қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелер немесе шағымдар болған жоқ.
Бір азамат «Мамандандырылған ХҚКО-да емтихан тапсыру кезінде жас шектеулері бар ма?» деген сауалмен жүгінді.
Бұл сұраққа облыстық ХҚКО директоры Азамат Есембулов жауап берді: «Бұл медициналық комиссияның қорытындысына байланысты. Егер оның үкімі оң болса, онда жүргізуші куәлігін алуға үміткер емтихан тапсыруға жіберіледі, егер жоқ болса, рұқсат етілмейді. Жас шегі жоқ. Бізге зейнеткерлік жастағы адамдар жиі жүгінеді» - деді.
Қазіргә таңда мамандандырылған ХҚКО «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. 2013 жылдың қаңтарында Үкіметтің шешімімен бүкіл ел бойынша Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды, олар ауданаралық тіркеу-емтихан пункттерінің жұмысын біріктірді. Содан бері барлық ниет білдірушілер арнайы ХҚКО-да өздерінің көлік құралдарын тіркеп, жүргізуші куәлігін ала алады.
Бұған дейін жағдай басқаша болған. Автомектептің түлегі бір жерде медициналық комиссиядан өту үшін, екінші жерде наркологтан анықтама алу үшін, үшіншісінде психиатрдан, төртіншісінде теориялық емтихандардан, бесіншісінде практикалық емтихандардан өту үшін бүкіл қалаға баруы керек еді. Ол барлық құжаттарды ауданаралық тіркеу-емтихан пунктінің біріне тапсыратын. Онда ол емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда жүргізуші куәлігін алды.
Келесі азаматтарды қабылдау 27 қазанда ШҚО Алтай ауданында өтеді.
[xfvalue_img]
8 пікір