ШҚО-да «Адал көмек» жобасы жаңа форматта жүзеге асырыла бастады
2020 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Адал көмек» жобасы ағымдағы жылғы қыркүйек айынан Шығыс Қазақстан облысында жаңа форматта жүзеге асырыла бастады. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тапсырмасына сәйкес, «Адал көмек» жобасы аясындағы азаматтарды қабылдау енді «Антикор орталығында» емес, әлеуметтік нысандарда, атап айтсақ ауруханаларда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әкімдіктерде және т.б. қоғамдық орындарда өтеді.
Жаңа форматтағы алғашқы шара Өскемен қаласының №1 емханасында өтті. Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ш.Е.Макашева, басқарманың заңгері Б.К.Айымканов, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға офицері Г.А.Бекбаева және аталған емхананың басшылығы қатысты.
Емханада өткізілген қабылдау барысында 7 өскемендік тұрғынға денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты құқықтық кеңес берілді. Жалпы азаматтар аталған емхананың қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдары жоқ екендігін, дегенмен профильді мамандарға жазылу ұзақ екендігін атап өтті. Бұл мәселені денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өз бақылауына алады.
«Адал көмек» жобасы аясындағы қабылдаулар алдағы уақытта Өскемен қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында, Алтай, Шемонаиха, Күршім, Ұлан аудандарында және Риддер қаласында өткізілетін болады.
[xfvalue_img]