Астана қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Астана қаласы бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының саны 95535 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың
саны - 91817, филиалдар - 2842 және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары (әрі қарай - субъектілер) - 876. Оның ішінде жұмыс істейтін субъектілердің саны - 72825, белсенді еместері (жаңалары) - 8019, белсенділері - 34046, уақытша белсенді еместері - 30760. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда субъектілердің саны 8396 бірлікке ұлғайды.
2022 жылдың қыркүйек айында статистикалық бизнес-тіркелім алғашқы тіркеуден өткен 905 бірлік субъектілермен толықтырылды. Сонымен қатар, тиісті кезеңде таратылған субъектілердің саны 191.
Тіркелген субъектілердің қатарынан 94623 - шағын, 517 - орта және 395 - ірі субъектілер болып табылады. Олардың саны қаланың аудандары бойынша мынадай қатынаста бөлінген: Алматы - 26193, Есіл - 28347, Сарыарқа - 22812, Байқоңыр - 18183.
Тіркелген субъектілердің меншік нысандары бойынша түрлерінің саны:
- мемлекеттік - 834;
- жекеменшік - 85821;
- шетелдік - 8880.
Тіркелген субъектілердің қызмет түрлері бойынша саны:
- көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу - 25972;
- құрылыс - 18315;
- көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну - 10429;
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 7429;
- әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 4843;
- өнеркәсіп - 5076;
- ақпарат және байланыс - 4474;
- жылжымайтын мүлікпен операциялар - 4087;
- көлік және қоймалау - 3445;
- білім беру - 3058;
- тұру және тамақтану бойынша қызметтер - 2533;
- қаржы және сақтандыру - 1659;
- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 1638;
- өнер, ойын-сауық және демалыс - 1436;
- ауыл, орман және балық шаруашылығы - 755;
- мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету - 386.
Тіркелген субъектілердің басшылары арасында ер адамдар саны - 67162, әйелдер саны - 28373 құрады.
Әдістемелік түсіндірмелер
Баспасөз хабарламада «Статистикалық бизнес-тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі көрсеткіштер қамтылған, тіркелу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдар (әрі қарай-субъектілер) туралы ақпараттар көрсетілген. Ұсынылған ақпараттар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алынған деректер негізінде қалыптастырылған. Тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілердің жалпы саны, оның ішінде құқықтық бірлік типі және олардың белсенділігі бойынша, ағымдағы айда бастапқы тіркеуден өткен және таратылған субъектілер, сондай-ақ аудандар бөлінісінде, кәсіпорындардың өлшемділігі, меншік нысандары, экономикалық қызмет түрлері және басшылардың жынысы бойынша көрсетілген.
[xfvalue_img]
49 пікір