Түрмедегі табыс: Ақтөбедегі түзеу мекемесінде сотталғандар түрлі бұйымдарды жасайды

Түрмедегі табыс: Ақтөбедегі түзеу мекемесінде сотталғандар түрлі бұйымдарды жасайды

Жиһаздар мен ағаштан жасалған астаулар, төсемтастар мен мың көркем өрнекпен көмкерілген тұрмыстық бұйымдар. Осы секілді өзге де қажеттіліктердің денін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 түзеу мекемесінен кезіктіресіз.

Ақтөбе қаласындағы КА- 168/2 түзеу мекемесіндегі темір өңдеу және ағаш өңдеу цехы, темір- бетон өндірісі цехы және тігін цехтарындағы жұмыстарды ақылы жұмыспен қамтылған жазасын өтеуші сотталғандар атқарады.

Темір өңдеу цехындағы жұмысшы сотталғандар келіп түскен тапсырыстарға сай қоқыс контейнерлері, спорттық бұйымдар мен темір кереуеттер секілді темірден бұйымдар дайындаса, темір-бетон өндірісі цехында дайындалатын төсемтастар мен тротуар плиталары, бордюрлер мен кірпіштер, жиектастар т.б. Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарын абаттандырумен айналысатын мекемелерге сапалы темір-бетон өнімдерін дайындап, жөнелтеді. Ал тігін цехындағы жұмысшы сотталғандардың қолынан шыққан матрацтар мен төсек жабдықтары, арнайы киімдер мен қолғаптар тиісті тапсырыс беруші коммуналдық қызметтер мен ұлттық компаниялардың сұранысын жоғары деңгейде қанағаттандырып келеді.

Мекемедегі асханада жұмыспен қамтылған сотталғандар екі ауысыммен еңбек етіп, жазасын өтеушілерге сапалы тағамдар дайындаса, наубайханадағы жұмыспен қамтылған сотталғандардың қолынан шыққан көмеш нандар өңірдегі басқа да түзеу мекемелерін толық қамтамасыз етеді. 

«Жазасын өтеушілер жалақысын отбасыларына жөнелтеді және сотпен тағайындалған талап- арыздарын өтейді.

Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы - олардың түзелу жолына түсуіне апаратын бірде- бір маңызды тәрбие құралы.

 Сонымен қатар, олар жазасын өтеп бостандыққа шыққанда, осы цехтарда үйренген, жинаған тәжірибелерін іске асырып, жұмыстарын жалғастырады. Сондықтан бұл олардың бостандықта да жұмыссыз қалмайтындықтарының кепілі», - дейді КА-168/2 түзеу мекемесіндегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Жеңіс Сарин.

Ағаш өңдеу цехында ақылы еңбек ететін 47 жастағы жазасын өтеуші Жоламан (есімі өзгертілді) абақтыға осыдан 3 жыл бұрын «Қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, қатысу», сонымен қатар «Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп- өсіргені» үшін қамалған.

 «Ұстаханада мен ағаштан түрлі дүниелерді жасауды үйрендім. Қазір ою-өрнекті ойып, бұйымдарды емін-еркін жасай аламын. Әрине, бостандықты аңсаймын, болған іске өкінемін. Енді 4 жылым қалды. Бостандыққа шыққан соң осында үйренгендерімді жалғастырып, өз шағын цехымды ашу ойымда бар»,- дейді жазасын өтеуші.

Гүлфайруз Төремұратова,

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.