Қызылордада сотталғандар ағаштан жиһаз жасап жатыр
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінің әкімшілігі сотталғандарды жұмыспен қамтуда көптеген игі шараларды жүзеге асыруда. Мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс көздерін ашу мақсатында жеке кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнатылуда. Соның нәтижесінде мекемедегі жазасын өтеушілердің 77.7 пайызы жұмыспен қамтылған.
Жуырда мекеменің сотталғандарды жұмыспен қамту қызметкерлері үш сотталғанды Қызылорда қаласындағы «Сыр жиһазы» кәсіпорнына жұмысқа орналастырды.Цехта сотталғандар басқа да азаматтар ағаштан түрлі бұйымдар, есік, терезе, жиһаздар жасайды. Кәсіпорынға бас сұққанымызда сотталғандар ағаш өнімдерінен ағаштан есік дайындалып жатыр екен. Бір сотталған есікті өлшемін алып дайындап жатса, келесі сотталған дайын есікті сүрлеп, лактеу жұмысымен айналысып жатыр. Жазасын өтеуші ағаштан түйін түйген Бақытбектің айтуынша мамандығы ағаш ұстасы болған соң, ағашпен жұмыс жасау қиындық тудырмаған. Бала күнімде әкемнің жанында жүріп, үйренгенім көп болды. Жалпы ағаштан түйін түйіп, ерекше бұйым дайындау шыдамдылықты, төзімділікті талап етеді. Айлық жалақымыз да уақытылы дейді сотталған азамат.
Мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Айбол Махашевтің айтуынша 30 кәсіпкермен келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табысының 50 пайызы мемелекетке, жеке тұлғаға келтірген шығындарын төлейді, ал қалған бөлігін өздеріне, отбасыларына жаратады. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту жоспарда бар дейді.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
29 пікір