Қызылордада сотталғандар Нельсон Мандела күнін атап өтті
18 шілде атақты саяси және мемлекет қайраткері, 1994 жылы Оңтүстік Африканың алғашқы қара Президенті, апартеидке қарсы күрескер, 1993 жылы Нобель сыйлығын алған Халықаралық Нельсон Мандела күні.
Осыған байланысты, 2022 жылғы 18 шілдеде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/4 мекемесінің тәрбие бөлімі мен психолог маманнның ұйымдастыруымен аталған саяси қайраткердің өмірі туралы дәріс өтті.
Іс-шараға арнайы "Жігер" қоғамдық бірлестігінің заңгер,психолог мамандары шақырылды. Қатысушылар жазасын өтеушілерге Нельсон Манделаның өмір жолы туралы ауқымды дәріс оқыды.
— Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме болғандықтан, негізінен, абайсызда қылмыс жасағандар келеді. Басқа ауыр қылмыс жасап жазасын өтеушілермен салыстырғанда бұлардың өмірге деген көзқарасы, осындай тәрбиелік шараларға көзқарасы басқаша. Өйткені, бұлар - абайсызда қылмыс жасағандар. Бүгінгі шарадан сотталған азаматтар адамның тең құқықтарымен демократиялық құндылықтар жолында күрескен Н.Мандела туралы мәліметтерге қанықты. Осындай шараларды жиі өткізу жазасын өтеушілердің келер күннен үмітін үзбей, қиындыққа мойымауға баулиды,- дейді әділет майоры Абдулла Уайдаев.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]