Психолог мамандар сотталғандарға «Есірткісіз болашақ» тақырыбында дәріс өткізді
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен психологиялық тренингтер жиі өткізіліп тұрады. Психологиялық тренингтер сотталғандардың өзін-өзі өзгертуге, қоғамнан өз орнын табуға, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырып бейімдеуде маңызы өте зор.
2022 жылғы 22 ақпанда мекемедегі сотталғандарға мекеменің психолог маманы С.Кеңес «Есірткісіз болашақ» тақырыбында шара өткізді. Шараға облыстық наркология орталығының психолог мамандары Ә.Асылбекқызы, Ш.Раушанбекқызы қатысып, әртүрлі стресстік жағдайда, өз-өзіне сенімсіздік, түрлі фобияда жүрген сотталған азаматтарға дәріс оқып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында психолог мамандар сотталғандарға есірткінің адам ағзасына зияны, есірткі қабылдаудың зардаптары туралы кеңірек түсіндіріп, психологиялық тренинг жаттығуларын ұйымдастырды. Жазасын өтеушілер азаматтар тренинг жаттығулары барасында көніл-күйлері көтеріліп, өздерін еркін ұстап, белсенділік таныта білді.
Шара соңында сотталған азаматтар психолог мамандарға алғысын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]
21 пікір