Сотталған азаматтар мешіт имамымен кездесті
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеушілерге тәрбиелік мақсатта сұхбат өткізу үшін мешіт имамымен кездесу өткізді.
Қызылорда қаласындағы «Төлен ата» мешітінің бас имамы Бисембаев Ғалымжан Оразалиұлы мекемеге арнайы келіп, дін ұстанушы сотталған азаматтарға дәріс өткізді. Сұхбат барысында бас имам жазасын өтеушілерге ислам дінінің тарихы және адам өміріндегі маңызы жайлы айтып, адам бойында жақсы қасиеттердің болу керектігі жайында сөз етті. Сотталған азаматтар бас имамға өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
23 пікір