Kәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында
Мемлекет басшысының бизнестің жұмысына заңсыз кедергі келтіруге қарсы іс-қимыл туралы тапсырмасына байланысты «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады.
Бизнес субъектілерін қорғаудың қолданыстағы құралдарының бірі аудан прокуратурасының жанынан құрылған мобильдік тобы болып табылады.
Жыл басынан мобильдік топқа түрлі проблемалық мәселелер бойынша 10 астам кәсіпкер жүгінді, көбінесе бақылаушы органдар тарапынан бұзушылықтарға, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруге сигналдар келіп түсті.
2020 жылдан бастап шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілгені белгілі.
Шектеулерге қарамастан, лауазымды тұлғалар тексеру жүргізу кезінде өрескел бұзушылықтарға жол береді.
Мысалы, бізге жеке кәсіпкерден салық органы тарапынан мораторий кезеңінде тексерулер жүргізу туралы талаптардың бұзылуына қатысты сигнал келіп түсті.
Прокурорлық актісін қарау нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, біз кәсіпкерлерге тап болатын жүйелік проблемалар мен әкімшілік кедергілер бойынша талдаулар жүргізудеміз.
Атап айтқанда, біздің актіміз бойынша жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қамтамасыз ету ретінде енгізілген 30-дан астам кәсіпкерге ақша қаражатын қайтардық.
«Сонымен қатар, ауданның барлық кәсіпкерлеріне проблемалық мәселелер және заңсыз тексерулер болған жағдайда, сіз 8-7172-73-03-31 телефоны бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа, сондай-ақ жауапты тұлғалардың ұялы телефондарына (бөлім бастығы Ксанов Асхат Баймухаметұлы, тел. 8-775-987-01-10, бөлім прокуроры Сейтахметова Саида Темірболатқызы тел. 8-777-324-21-87)» - бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының прокуроры А.Б. Қозбаев мәлімдеді.
[xfvalue_img]